2 күн бұрын
Марат Сұртубаев пен Алтынай Ержанқызы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстан атынан параүстел теннисі бойынша сынға түскен Алтынай Ержанқызы мен Марат Сұртубаев Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының қола медалін жеңіп алды.
Қазақстандық жұп аралас жұптық сында XD20 класында өнер көрсетті. Олар жартылай финалда Гонконг өкілдері Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға қарсы ойнап, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу партиялары 7:11, 4:11, 8:11 есебімен аяқталды.
Осылайша, Алтынай Ержанқызы мен Марат Сұртубаев Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz