3 сағат бұрын
Рыбакина Қытайда польшалық теннисшімен кездеседі
23 қазан, жұма күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 1-орын) Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалында польшалық Катажина Кавамен (128-орын) кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Рыбакина — Кава матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады.
Елена Рыбакина Нинбодағы турнирді Өзбекстан өкілі Полина Кудерметовадан (105-орын) басым түсуден бастады. Бірінші сетте есеп 5:0 болған кезде Кудерметова кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Ал Катажина Кава Ningbo Open 2026 турнирінде төрт матч өткізіп үлгерді. Іріктеудің бірінші кезеңінде ол америкалық Кэти Волынецті (73-орын) 6:1, 4:3 есебімен жеңіп жатқанда, қарсыласы матчты жалғастыра алмады. Одан кейін польшалық теннисші украиналық Дарья Снигурды (40-орын) 6:1, 2:0 есебімен ұтып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Кейін негізгі кезеңге «лаки-лузер» ретінде өткен Снигур Кавамен қайта кездесіп, тағы да жеңіліп қалды. Бұл жолы польшалық спортшы 1:6, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Ал 1/8 финалда Кава швейцариялық Белинда Бенчичтен (14-орын) 7:5, 6:2 есебімен басым түсті.
Біздің серіктес: Sport12kz