Матч орталығы
Бундеслига Футбол Штутгарт Штутгарт 2:3 Аяқталды Боруссия Боруссия Лига 1 Футбол Брест Брест 1:2 Аяқталды Ницца Ницца А сериясы Футбол Торино Торино 3:2 Аяқталды Монца Монца Еуролига Баскетбол Париж Париж 93:104 Аяқталды Валенсия Валенсия Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 1:5 Аяқталды Мидлсбро Мидлсбро Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 1:1 Аяқталды Ноттингем Форест Ноттингем Форест Ла Лига Футбол Алавес Алавес 1:1 Аяқталды Малага Малага Примейра-лига Футбол Гимарайнш Гимарайнш 5:0 Аяқталды Маритиму Маритиму Токио женщины Теннис Хаю Киносита Хаю Киносита 12:40 Бүгін Юлия Путинцева Юлия Путинцева Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 14:30 Бүгін Диана Шнайдер Диана Шнайдер Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 15:00 Бүгін Тобыл Тобыл Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 15:00 Бүгін Каспий Каспий Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 16:00 Бүгін Ұлытау Ұлытау Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 16:30 Бүгін Миллуолл Миллуолл Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 16:30 Бүгін Норвич Норвич Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 16:30 Бүгін Дерби Дерби Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 16:30 Бүгін Манчестер Сити Манчестер Сити Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 17:00 Бүгін Эльче Эльче Алматы мужчины Теннис Даниил Медведев Даниил Медведев 18:00 Бүгін Александр Бублик Александр Бублик А сериясы Футбол Кальяри Кальяри 18:00 Бүгін Болонья Болонья

12 сағат бұрын

Almaty Open: жұптық сында алғашқы финалистер анықталды

Almaty Open: жұптық сында алғашқы финалистер анықталды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінде жұптық сайыстың кезекті матчтары аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Нәтижесінде австриялық Лукас Мидлер мен Нил Оберляйтнер жартылай финалға жолдама алса, Юки Бхамбри мен Райан Сеггерман финалға шықты.

Ширек финалда турнирдің бірінші нөмірлі жұбы Лукас Мидлер мен Нил Оберляйтнер Даниэль Цукерман және Фернандо Ромболимен кездесті. Тартысты өткен матч австриялық теннисшілердің екі сеттегі жеңісімен аяқталды – 6:4, 7:6 (7:4).

Мидлер мен Оберляйтнердің жеңіске жетуіне допты ойынға сәтті қосуы маңызды рөл атқарды. Олар алғашқы сервистегі ұпайлардың 93 пайызын жеңіп, 11 эйс орындады және небәрі бір қос қателік жіберді. Екінші сетте қарсыластары табанды қарсылық көрсетіп, ойынды тай-брейкке дейін жеткізді. Алайда шешуші сәттерде австриялық жұп басымдық танытып, жартылай финалға жолдама алды.

Ал жартылай финалдық кездесуде Юки Бхамбри мен Райан Сеггерман Натаниэль Ламмонс пен Джексон Уитроуды тартысты үш сетте жеңді – 3:6, 7:6 (7:5), [10:6].

Матчтың алғашқы сетінде Ламмонс пен Уитроу 6:3 есебімен басым түсті. Алайда екінші партияда Бхамбри мен Сеггерман ойын тізгінін өз қолдарына алып, тай-брейкте жеңіске жетті және сеттер бойынша есепті теңестірді.

Финал жолдамасының тағдыры чемпиондық тай-брейкте шешілді. Маңызды сәттерде сенімді ойын көрсеткен Бхамбри мен Сеггерман 10:6 есебімен жеңіске жетті. Кездесу барысында жеңімпаз жұп 12 эйс орындады.

Осылайша, Юки Бхамбри мен Райан Сеггерман Almaty Open ATP 250 турнирінің жұптық сайысында финалға шыққан алғашқы жұп атанды. Ал Лукас Мидлер мен Нил Оберляйтнер шешуші кездесуге жолдама алу үшін жартылай финалда бақ сынайды.

Еске салсақ, турнирдің бірінші ракеткасы Даниил Медведев Алматыдағы Almaty Arena кешенінде өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open жарысының ширек финалында сенімді жеңіске жетті.




Біздің серіктес: Sport12kz