9 сағат бұрын
Александр Бублик Алматыдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ол ширек финалда ресейлік Карен Хачановты үш сетте жеңді. Есей: 4:6, 7:6, 7:6
Матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Алғашқы сетте Хачанов басым түссе, кейінгі екі партияның жеңімпазы тай-брейкте анықталды. Екі кезеңде де Бублик жеңіске жетті.
Бұған дейін Бублик ресейлік спортшыны Галле мен Санкт-Петербургте жеңген, ал Хачанов Цинциннати мен Швейцариядағы кездесулерде басым түскен.
Енді Бублик финал жолдамасы үшін ресейлік Даниил Медведевпен өзара мықтыны анықтайды. Ол ширек финалда француз Теренс Атманды 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.
Біздің серіктес: Sport12kz