Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Волейболдан Қазақстан құрамасы жағажай Азиадасында 1/4 финалдан тыс қалды

Волейболдан Қазақстан құрамасы жағажай Азиадасында 1/4 финалдан тыс қалды

Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасының жағажай волейболшылары Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының 1/8 финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ширек финалға жолдама алу үшін өткен ойында қазақстандықтар Оман құрамасының өкілдері Саид Али Аль Джалабуби мен Зухран Сулайман Аль Хашимимен кездесті.

Кездесу екі партияға созылып, нәтижесінде омандық жұп жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 2:0 (21:15, 21:19). Осылайша, Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад жарысты аяқтады.

Айта кетейік, бүгін, 26 сәуірде, 1/8 финалда Сергей Богату мен Кирилл Гурин де өнер көрсетеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жағажайдағы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы екінші жеңісіне жетті




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан