17 сағат бұрын
Спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин жағажай Азия ойындарында жүлде алды
Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Отандасымыз спорттық құзға өрмелеуден жекелей сында сәтті өнер көрсетті.
1/8 финалда Ришат командаласы Дамир Тоқтаровты жарыс жолынан шығарды. Одан кейін ширек финалда қытайлық Цзян Гуоны жеңді.
Жартылай финалда индонезиялық Робби Аль Хильмиден жеңілген Хайбуллин қола медаль үшін өткен сайыста Қытай өкілі Шоухон Чудан басым түсті. Спортшы 4.81 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, жүлдегерлер қатарына енді.
27 сәуір – 3 мамыр аралығында қандай спорт жарыстары өтеді?
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов