6 сағат бұрын
Қазақстан Азия ойындарында 20 қыркүйекте медальдар кестесінде қай орында тұр
Фото: olympic.kz
Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте төртінші орында келеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екінші жарыс күнінен кейін ел құрамасы қоржынында 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.
Бүгін қазақстандық спортшылар 1 күміс, 1 қола медаль алды. Ел құрамасынан каратэші Әсел Қанай (61 келі) Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының жүміс атанды. Оған қоса Санжар Әділов (65 келі) ережесіз жекпе-жектен қола жүлдені қоржынға салды.
Жарыстың алғашқы күні, 19 қыркүйекте тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко, каратэші Жоламан Биғабыл (55 келі) мен София Берульцева (68 келі) Азия ойындарының чемпионы атанды.
Жалпы командалық есепте Қытай 38 (23 алтын, 10 күміс, 5 қола) медальмен көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы Жапонияның 32 (8-12-12), Оңтүстік Кореяның 23 (5-3-15) медалі бар.
Қазірге дейін барлығы 25 елден келген спортшылар медальға қол жеткізіп үлгерді. Олардың қатарында Таиланд, Гонконг, Қытай Тайбэйі, Макао, Мьянма, Өзбекстан, Кувейт, Үндістан, Индоезия, Ирак, Иордания, Ливан, Сингапур, Қатар, Камбоджа, Қырғызстан, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Малайзия, Филиппин, Бруней, Иран, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан бар.
Біздің серіктес: Sport12kz