28.04.2026
Үш балуанымыз Азия жағажай ойындарының ширек финалында бақ сынайды
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында жағажай күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz
70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Бейбіт Сейдуалы ширек финалға шықты. Ал 70 келіден жоғары салмақта Алина Ертөстік жүлде үшін күресін жалғастыруда. Сондай-ақ 80 кг дейінгі салмақта Ермахан Көшкінбаев та ширек финалда сынға түседі.
Бүгін жарыстың сегізінші күні өтуде. Ойындар 30 сәуірде аяқталады. Қазақстан құрамасы сегіз спорт түрі бойынша қатысып жатыр. Ұлттық құрамада 70 спортшы бар.
Айта кетейік, бұл кешенді жарыстар күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың кезеңі саналады.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Яғни, бір алтын, бір күміс және үш қола. Жалпыкомандалық есепте ел құрамасы 7-орында тұр.
Қазақстан 2026 жылы күрестен әлем чемпионатын қабылдауы мүмкін
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов