1 күн бұрын
Күрестен Қазақстан Кубогында әлемдік доданың жолдамасы сарапқа салынады
2026 жылғы 12-17 мамыр аралығында Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Додаға еліміздің барлық өңірлерінен келген 800-ге жуық балуан қатысады деп күтілуде.
Жеңімпаз-жүлдегерлер келесі салмақ дәрежелері бойынша анықталады:
Грек-рим күресі – 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97, 130 келі.
Еркін күрес – 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97, 125 келі.
Әйелдер күресі – 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келі.
Қазақстан кубогіне халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізген еліміздің жетекші балуандары қатысады. Атап айтқанда, грек-рим күресінде жанкүйерлердің назары Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев пен Әлем чемпионатының жеңімпазы Айдос Сұлтанғалиға ауады. Еркін күресте де бозкілемге ұлттық құраманың көшбасшылары шығады. Олардың қатарында Азия және Әлем чемпионаттарының жеңімпаз-жүлдегері Нұрқожа Қайпанов пен Әлем чемпионы әрі Азия чемпионатының жүлдегері Ризабек Айтмұхан бар. Әйелдер күресінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова мен Әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жамила Бақбергенова чемпиондық атаққа таласады.
Биылғы кубогтің басты ерекшелігі – әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар 2026 жылғы Азия ойындары мен Әлем чемпионатына іріктеліп, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болмақ.
Үш балуанымыз Азия жағажай ойындарының ширек финалында бақ сынайды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов