2 сағат бұрын
Қазақстанның атақты балуанына автокөлік берілді
Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде грек-рим күресінен U-15 жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Аталған дүбірлі додаға құрметті қонақ ретінде шақырылған, грек-рим күресінен әлем чемпионаттарының бес дүркін жүлдегері Алмат Кебісбаевқа жерлестері айрықша құрмет көрсетті. Шара барысында Семей цемент зауытының демеушілігімен спорт саңлағына темір тұлпар табысталды.
Алмат Кебісбаев – классикалық күрестен ұлттық құрама сапында жиырма жылға жуық ел намысын қорғаған тәжірибелі спортшы. Ол Лондон және Рио Олимпиадаларына қатысқан. Үржар ауданының тумасы спорттық мансабында Азия ойындарында екі мәрте жүлдегер атанып, құрлық чемпионаттарында алты рет жеңіс тұғырына көтерілді. Сонымен қатар, әлем чемпионаттарында 1 күміс (Стамбул – 2011) және 4 қола жүлде (Мәскеу – 2010, Лас-Вегас – 2015, Астана – 2019, Осло – 2022) иеленген.
Күрестен Қазақстан Кубогында әлемдік доданың жолдамасы сарапқа салынады
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов