Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстан күрестен Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

Қазақстан күрестен Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

Фото: Қазақстан ҰОК

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде 14 медаль жеңіп алды.

Еркін күрес

Әділет Рысбай (71 келіге дейін) жарыс жеңімпазы атанды.

Мардан Орынбасаров (60 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Ал Сабыржан Рахатов (51 келіге дейін), Темірғали Мұрат (55 келіге дейін), Әділбек Ерболатов (80 келіге дейін), Нұрислам Айтуған (92 келіге дейін) қола медальға ие болады.

Грек-рим күресі

Қуанышбек Жаңажол (51 келіге дейін), Мирас Махамбет (65 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.

Арыстан Темерғали (110 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Әли Алмас (45 келіге дейін), Датқа Лесбек (48 келіге дейін) үшінші орын алды.

Әйелдер күресі

Інжу Баққожа (46 келіге дейін), Арайлым Көпжасар (53 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Аянат Мейнамбай (49 келіге дейін) қола жүлде жеңіп алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын күрес түрлерінен рейтингтік турнирде ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан