3 сағат бұрын
Қазақстан грек-рим күресінен U20 Азия чемпионатында екі күміс алды
Фото: Қазақстан ҰОК
Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғаш болып жарыс жолына грек-рим күресінен бес отандасымыз шықты. Нәтижесінде қазақстандық балуандар екі күміс, бір қола медаль жеңіп алды.
77 келіге дейінгі салмақта Бақдәулет Тұрсынбек ақтық сында өзбекстандық Огабек Аскаралиевке жол берді.
87 келіге дейінгі салмақта Әлихан Тағаев финалда қырғызстандық Муслим Мамыровтан жеңіліп қалды.
Ал 55 келіге дейінгі салмақта Әмірмұхаммед Кабулов қола жүлде үшін өткен белдесуде Қырғызстан өкілі Курманбек Алимжановтан басым түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U-15 және U-20 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күндерін 20 медальмен қорытындылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан