Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Грек-рим күресінен Азиадаға баратын алдын ала құрам айқындалды

Грек-рим күресінен Азиадаға баратын алдын ала құрам айқындалды

Фото: Қазақстан ҰОК

15 шілдеде Будапештте (Венгрия) жылдың кезекті халықаралық рейтингтік турнирі басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл дода грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы үшін айрықша маңызға ие. Өйткені аталған жарыстың қорытындысы бойынша 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын балуандардың басым бөлігі айқындалады. Ал команданың қазіргі дайындығы, құрамдағы өзгерістер және алдағы жоспарлар жөнінде грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Қонысбек Кәрімұлы Olympic.kz сайтына берген сұхбатында кеңінен айтып берді.

– Венгрияда өтетін жарыста қандай міндет жүктеліп отыр?

– Бұл – жыл басынан бергі төртінші рейтингтік жарыс. Біз Венгрияға негізінен Азия ойындарына қатысатын балуандарды апарып отырмыз. Бұл турнир олардың қазіргі дайындығын бағалап, қай тұстарын әлі де жетілдіру керектігін айқындауға мүмкіндік береді.

– Венгрияға баратын құрама сапында қандай өзгерістер бар?

Кейбір жігіттер салмақ ауыстырып жатыр. Мысалы, Демеу Жадыраев осыған дейін 77 келіде күресіп келсе, бұл жолы 82 келіде күш сынасады.

Тимур Оспанов жарақатына байланысты Будапешттегі жарысқа қатыса алмайды. Ол Германияға барып, ем қабылдайды. Кейін Дортмундтағы турнирде белдеседі.

– Жарыстан тыс қалған Азия чемпионатының жүлдегерлері қазір қайда дайындалып жатыр? Команданың қазіргі дайындығына көңіліңіз тола ма?

– Будапештке бармайтын балуандар Германиядағы Гран-при турниріне қатысады.

– Қазір Түркістанда 29 маусым мен 15 шілде аралығында халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Оған Түркия, Марокко және Ресей құрамалары келді. Жалпы саны 150-ге жуық балуан бірге жаттығып жатыр. Мұндай жиындар спортшылардың тәжірибе алмасуына әрі дайындық деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізеді.

– Осы турнирден кейін Азия ойындарына баратын құрама анықтала ма? Құрамаға енген спортшыларды атай аласыз ба?

– Алдын ала тізім жасалған. Қай спортшының қай салмақта өнер көрсететінін білеміз. Нақтырақ айтсақ, Демеу Жадыраев Азия ойындарында 77 келіде белдеседі. 97 келіде Ислам Евловқа сенім артып отырмыз. 130 келіде Олжас Сырлыбайды дайындап жатырмыз.

Ал 67 келіде үш балуан Будапештте бақ сынайды. Қазіргі таңда бұл салмақта Мейіржан Шермаханбет көшбасшы болып тұр. Сол жігітті бақылап көреміз. Сондай-ақ 60 келіде де бәсеке жоғары. Бұл салмақта Ербол Камалиев пен Ернұр Фидахметовке мүмкіндік беріледі. Қайсысы Будапештте өзін жақсы қырынан көрсетсе, сол Азия ойындарына барады.

Ал осы салмақтағы негізгі көшбасшы Айдос Сұлтанғалиевті елімізде өтетін әлем чемпионатына арнайы дайындап жатырмыз.

– Азия ойындарына дейін ұлттық құрама қайда болады? Дайындық қалай өтеді?

– Венгриядағы жарыстан кейін спортшылар аз уақыт тынығып алады. Одан кейін 8–26 тамыз аралығында Алматы облысының таулы аймағында оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бұл кезеңде жалпы дене дайындығына басымдық береміз. Кейін қайтадан Түркістанға оралып, Азия ойындары алдындағы негізгі дайындықты сонда жалғастырамыз.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан балуандары Испаниядағы Гран-приде 24 медаль жеңіп алды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан