2 сағат бұрын
Венгриядағы турнирде Ризабек Айтмұқанның белгілі балуанмен белдесу өтпейді
Фото: Қазақстан күрес түрлері федерациясы
Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан рейтингтік турнирде еркін күрестің қос жұлдызы Ризабек Айтмұқан мен Ахмед Тажудинов арасындағы көпшілік күткен белдесу өтпейтін болды, деп хабарлайды Sport12.kz
97 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жеткен Ризабек Айтмұханның Словакия өкілі Батырбек Цакуловқа қарсы кездесуге шықпағаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұған қазақстандық балуанның тізесінен алған жарақаты себеп болуы мүмкін.
Осылайша, Ризабек финалда Бахрейн атынан өнер көрсететін Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновпен кездесе алмайды.
Ризабек Айтмұхан қола медаль үшін өтетін белдесуге де қатыспайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандар анықталды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан