5 сағат бұрын
Грек-рим күресінен Әлинұр Төлеуғали әлем чемпионатында қола алды
Фото: Қазақстан ҰОК
Әзірбайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен U17 әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Әлинұр Төлеуғали 71 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті.
Шешуші кездесуде отандасымыз Эсмаил Захердоустты (Иран) жеңді. Нәтижесінде қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан грек-рим күресінен әлем чемпионатын бір алтын, бір күміс және бір қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Дияр Аманәлі (55 келіге дейін) алтын алса, Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс медальға ие болған еді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан