Матч орталығы
Еуропа лигасы Футбол Қайрат Қайрат 0:3 Аяқталды Андерлехт Андерлехт Еуропа лигасы Футбол Мьельбю Мьельбю 0:1 Аяқталды Зальцбург Зальцбург Конференциялар лигасы Футбол Интер Интер 0:0 Аяқталды Копенгаген Копенгаген Еуропа лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 0:0 Аяқталды Лиллестрем Лиллестрем Еуропа лигасы Футбол Лех Лех 7:0 Аяқталды Тун Тун Еуропа лигасы Футбол Крайова Крайова 1:1 Аяқталды Арарат Арарат Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 3:0 Аяқталды Кауно Кауно Еуропа лигасы Футбол Трабзонспор Трабзонспор 0:1 Аяқталды Ференцварош Ференцварош Конференциялар лигасы Футбол Нордшелланд Нордшелланд 1:0 Аяқталды Санкт Галлен Санкт Галлен Конференциялар лигасы Футбол Тромсе Тромсе 0:0 Аяқталды Брайтон Брайтон Конференциялар лигасы Футбол Мидтьюлланд Мидтьюлланд 2:0 Аяқталды Риека Риека Конференциялар лигасы Футбол Клаксвик Клаксвик 0:0 Аяқталды Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол ПАОК ПАОК 1:1 Аяқталды Бранн Бранн Еуропа лигасы Футбол Црвена Звезда Црвена Звезда 3:0 Аяқталды Виктория Виктория Еуропа лигасы Футбол ОФИ ОФИ 3:0 Аяқталды ЦСКА София ЦСКА София Еуропа лигасы Футбол Сент Труйден Сент Труйден 1:0 Аяқталды Омония Омония Конференциялар лигасы Футбол Гурник Гурник 2:3 Аяқталды Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Твенте Твенте 0:1 Аяқталды Қарабақ Қарабақ Конференциялар лигасы Футбол Дрита Дрита 2:2 Аяқталды Интер Эскальдес Интер Эскальдес Конференциялар лигасы Футбол Викингур Викингур 1:3 Аяқталды Борац Борац

4 сағат бұрын

Бакуде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

Бакуде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

Фото: kz24.news

22-23 тамыз күндері Әзербайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасындағы XII Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Байрақты бәсеке Baku Sports Palace спорт кешенінде ұйымдастырылады. Әлем чемпионатына 30-ға жуық елден 300-ден астам спортшы қатысып, екі күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер арасында барлығы 16 салмақ дәрежесі бойынша жүлдегерлер анықталады.

Ерлер 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 кг, ал әйелдер 48, 52, 56, 60, 65, 70, 77 және +77 кг салмақ дәрежелерінде белдеседі. Жарыс бағдарламасына сәйкес, әр күні іріктеу және жартылай финалдық белдесулер, финалдық кездесулер мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Чемпионатты United World Wrestling халықаралық ұйымының талаптарына сәйкес Qazaq Kuresi қауымдастығы мен Әзербайжан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырады.

Қазақстан құрамасының сапына ел чемпионаттарында, сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстарда тәжірибе жинақтаған үздік балуандар енді. Ұлттық құрама Бакудегі әлем чемпионатында ел намысын қорғап, жүлделі орындар үшін бақ сынайды.

Қазақ күресі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі спорт түрлерінің бірі. Бүгінде ұлттық күрес Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де қарқынды дамып келеді. Қазақ күресінің шетелдегі географиясы 40-тан астам мемлекетті қамтиды.

Қазіргі таңда қазақ күресінен халықаралық жарыстардың тұрақты жүйесі қалыптасқан. Осы уақытқа дейін 11 әлем чемпионаты, 13 Азия чемпионаты, 6 әлем кубогы, 6 Еуропа чемпионаты және 2 Африка чемпионаты өткізілді. Аталған жарыстар Қазақстанмен қатар Иран, Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы және басқа да мемлекеттерде ұйымдастырылды.

Бакуде өтетін XII Әлем чемпионаты қазақ күресін халықаралық деңгейде одан әрі дамытуға, ұлттық спорттың беделін арттыруға және әлем елдері арасындағы спорттық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақ күресінің ардагері Таңат Сағындықов өмірден озды.


Біздің серіктес: Sport12kz