4 сағат бұрын
Қазақстан күрес түрлерінен әлем чемпионатына құрамын жариялады
Фото: Азамат Дәулетбековтің инстаграм парақшасынан
Астана қаласында өтетін күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде UWW баспасөз қызметі мәлім етті.
Дүниежүзілік додада күрестің үш түрінен 30 балуан ел намысын қорғайды. Олардың қатарында еркін күрестен Мейрамбек Қартбай (57 келі), Асыл Айтақын мен Нұрданат Айтанов (61 келі), Оссимжан Дастанбек (65 келі), Санжар Досжанов (70 келі), Нұрқожа Қайпанов (74 келі), Шамсат Таир (79 келі), Болат Сақаев (86 келі), Азамат Дәулетбеков (92 келі), Ризабек Айтмұқан (97 келі) мен Едіге Қасымбек (125 келі) бар.
Ал әйелдер күресінде Зейнеп Баянова (50 келі), Айнұр Әшімова (53 келі), Лаура Алмағанбетова (55 келі), Нилуфар Раимова (57 келі), Алтын Шағаева (59 келі), Ирина Кузнецова (62 келі), Бейбіт Сейдуалы (65 келі), Ирина Казюлина (68 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі) мен Гүлмарал Еркебаева (76 келі) сынды балуандарға үміт артамыз.
Сондай-ақ грек-рим күресінен Алпамыс Дастанбек (55 келі), Ербол Қамалиев (60 келі), Дәулет Әшірханов (63 келі), Дин Қошкар (67 келі), Николай Хапко (72 келі), Кахарман Қисыметов (77 келі), Диас Қален (82 келі), Тимур Оспанов (87 келі), Иуссуф Матсиев (97 келі) пен Әлімхан Сыздықов боз кілемге шығады.
Біздің серіктес: Sport12kz