1 сағат бұрын
Қазақстандық балуандар әлем чемпионатын екі жеңіспен бастады
Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы белдесулерінде Қазақстан құрамасының өкілдері екі жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грек-рим күресінен сынға түскен Мерей Мәулітқанов іріктеу кезеңінде Оңтүстік Корея балуаны Хёнджин Кангпен кездесіп, 9:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Қазақстандық тағы бір балуан Ибрагим Магомадов италиялық Лука Дариоцциді жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Жарыстың жартылай финалдық кезеңі сағат 19:00-де басталады. Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы күнінде медальдар сарапқа салынбайды.
2026 жылғы күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өтеді. Жарысқа шамамен 900 спортшы қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz