5 сағат бұрын
Мерей Мәулітқанов әлем чемпионын жеңіп, ширек финалға шықты
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Мерей Мәулітқанов Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ширек финалға шығу үшін қазақстандық балуан Арменияның атақты өкілі Малхас Амоянмен белдесті. Ол — 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің екі дүркін және Еуропаның бес дүркін чемпионы.
Тартысты белдесуде Мерей Мәулітқанов 4:2 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Мерей Мәулітқанов әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Хёнджин Кангты 9:0 есебімен жеңген болатын.
2026 жылғы күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz