2 сағат бұрын
Мерей Мәулітқанов әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Мерей Мәулітқанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық балуан ширек финалда Болгария өкілі Стоян Кубатовпен белдесті. Тартысты кездесуде Мерей 3:4 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, әлем чемпионатының алғашқы белдесуінде Мерей Мәулітқанов Оңтүстік Корея балуаны Хёнджин Кангты 9:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Кейін ол 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің екі дүркін және Еуропаның бес дүркін чемпионы, Армения өкілі Малхас Амоянды 4:4 есебімен жеңіп, сенсация жасаған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz