12.03.2025
Жарақат, уақыт дефициті: Ұлттық құрамаға тәжірибелі ойыншылар шақырылды ма?
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы Әли Әлиев 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы матчтарға 32 ойыншыны атаған болатын.
Осы тізімнен ең аз уақыт өткізген футболшыларды атап көрейік.
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков («Қайрат») – 2024 жылы «Жеңіс» клубында жалда ойнап, капитан болған Темірлан биыл әлі алматылықтар сапында ресми матчқа шықпады.
Дулат Талыспаев («Кеге», Дания) – 18 жастағы қақпашы әлі қосалқы құрамның тізіміне кірмеген.
Қорғаушылар:
Александр Марочкин ( «Астана») – 2025 ресми ойынға араласпады.
Марат Быстров ( «Астана») – 2025 ресми ойынға араласпады.
Нұралы Әліп («Зенит», Ресей) – наурыз айында «ЦСКА» клубына қарсы 8 минут өткізді.
Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания) – наурыз айында «Сеннерьюскке» қарсы 1 минут ойнады.
Бактиер Зайнутдинов («Бешікташ», Түркия) – жарақатына байланысты қаңтар соңынан бері алаңға шықпады.
Эльхан Астанов («Астана») – Ел чемпионатындағы 2 матчта жалпы 6 минут доп тепті.
Шабуылшы:
Рамазан Кәрімов («Астана») - наурыз айында «Қайратқа» қарсы 11 минут ойнады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов