Матч орталығы
А сериясы Футбол Наполи Наполи 3:3 Аяқталды Рома Рома Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 1:2 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Премьер-лига Футбол Челси Челси 0:2 Аяқталды Тоттенхэм Тоттенхэм Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 1:0 Аяқталды Айнтрахт Айнтрахт Суперлига Баскетбол Бахчешехир Бахчешехир 100:96 Аяқталды Бешикташ Бешикташ Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 2:0 Аяқталды Фрибург Фрибург АБА лигасы Баскетбол Спартак Суботица Спартак Суботица 80:82 Аяқталды Партизан Партизан Жоғарғы лига Футбол Вестерло Вестерло 4:4 Аяқталды Васланд Беверен Васланд Беверен А сериясы Футбол Лацио Лацио 2:1 Аяқталды Парма Парма Лига 1 Футбол Ланс Ланс 2:1 Аяқталды Париж Париж Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 1:0 Аяқталды Депортиво Депортиво Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 0:1 Аяқталды Порту Порту НХЛ Хоккей Эдмонтон Эдмонтон 0:3 04:11 Торонто Торонто Челленджер Сеул Теннис Ko, Min Ho Ko, Min Ho 08:50 Бүгін Бейбіт Жұқаев Бейбіт Жұқаев Токио женщины Теннис Саяка Ишии Саяка Ишии 09:10 Бүгін Юлия Путинцева Юлия Путинцева Базель мужчины Теннис Доминик Стрикер Доминик Стрикер 14:00 Бүгін Александр Бублик Александр Бублик Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 14:00 Бүгін Лейла Фернандес Лейла Фернандес Премьер-Лига Футбол Алтай Алтай 15:00 Бүгін Елімай Елімай Премьер-Лига Футбол Атырау Атырау 16:00 Бүгін Ертіс Ертіс А сериясы Футбол Интер Интер 16:30 Бүгін Фиорентина Фиорентина

01.11.2023

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңістері

Каратэ: Мажарстан астанасы Будапештте мәресіне жеткен WKF каратэден әлем чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) топ жарып, спорттың осы түрінен ересектер арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы атанды. Сонымен қатар Қайсар Алпысбай (60 кг) әлем біріншілігінің – күміс, Дидар Әмірәлі қола жүлдесіне ие болды.


Грек-рим: Сұлтан Әсетұлы Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. Сұлтан – 23 жасқа дейінгі санатта əлем чемпионаты атанған тұңғыш қазақ палуаны. Әйелдер күресінде Алтын Шағаева (53 кг) мен Ирина Кузнецова (62 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.


Шорт-трек. Канаданың Монреаль қаласында жалауы желбіреген шорт-тректен Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары 5 000 метрге эстафета жарысында қола жүлдегер атанды. Ел құрамасынан жарыс жолына Әділ Ғалиахметов, Мерсайд Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұханов, Денис Никиша шықты.


Армрестлинг: Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында Қазақстан құрамасы армрестлингтен 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте топ жарды.


Дзюдо: Камила Берліқаш Абу-Дабидегі «Grand Slam» жарысында күміс жүлдеге ие болды. Ол финалда португалиялық Рушель Нуньеспен күресті.


Біздің серіктес: Sport12kz