08.03.2025
Балауса Мұздиман Астанадағы бокс кешінде жекпе-жек өткізеді
Фото: on.kz
Қазақстандық Балауса Мұздиман (6-0, 5 KO) Жәнібек Әлімханұлының Астанада 5 сәуірде өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығатыны белгілі болды.
Қарсыласы - АҚШ спортшысы Розалинда Родригес (14-0, 3 KO).
Белгілі кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні елордада «Барыс Арена» спорт кешенінде франциялық Анауэл Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жекпе-жегін өткізеді.
Балауса Мұздиман 1997 жылы 23 шілдеде Алматы облысы Ақши ауылы ауылында дүниеге келген. Ол бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (2015), WBA Asia бокс титулының иегері (2024).
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан