6 сағат бұрын
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында жетінші орынға таласады
Сурет: Арлан Олжабай
Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында 5-8-орындар үшін бақ сынады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз Қытайлық Тайбэй құрамасымен кездесті.
Алғашқы екі партияда қарсылас команда 25:21, 25:23 есебімен басым түсті. Алайда кейін Қазақстан құрамасы ойын барысын өзгертіп, үшінші және төртінші партияларда 25:22, 27:25 есебімен жеңіске жетті.
Матч тағдыры тай-брейкте шешіліп, онда Қытайлық Тайбэй 15:10 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің жалпы есебі – 3:2.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жетінші орын үшін Вьетнамға қарсы ойнайды. Матч 22 қыркүйекте өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz