7 сағат бұрын
Еркетаң Жарқынбек бокстан әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Фото: alamy.com
Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатында Еркетаң Жарқынбек алғашқы жекпе-жегіне шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
90 келідегі отандасымыз 1/8 финалда Мексика өкілі Рамиро Нунезбен өзара мықтыны анықтады.
Жерлесіміз 3 раунд бойы толықтай басымдыққа ие болып, жоғары қарқынын түсірмеді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан, 5:0 есебімен жеңісті Еркетаңға берді.
Біздің серіктес: Sport12kz