5 сағат бұрын
Камила Оспанова бокстан әлем чемпионатына қарсыласын нокдаунға жіберді
Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Күндізгі сессияда 70 келіде фавориттердің қатарына кіретін Камила Оспанова 1/8 финалда Еуропа чемпионы Лорена Хорватпен (Хорватия) айқас өткізді.
Алғашқы минуттан отандасымыздың соққылары қарсыласқа дөп тиіп, уақыт өткен сайын басымдығы артты. Нәтижесінде Камила қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберіп, 3-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz