3 күн бұрын
Виктория Графеева ел чемпионатындағы жеңісінен кейін жылды қорытындылады
Қазақстан құрамасының боксшысы Виктория Графеева Таразда өткен ел чемпионаты аяқталған соң Instagram парақшасында жазба жариялады. Бұл жарыс спортшы үшін 2026 жылғы соңғы турнир болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан чемпионатында Виктория 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол Анар Тұрсынбекті жеңді.
«Өмірімде болған барлық нәрсе үшін алғыс айтамын.
Спорттық жылымыз да аяқталды. Жыл бойы бәрі біз жоспарлағандай бола бермеді. Дегенмен осының бәрінен құнды тәжірибе жинап, алға қарай жүреміз. “Не болса да, жақсылыққа” деген сөз бар ғой. Осы даналықты есте сақтап, болашаққа сеніммен қарайық!
Үлкен жетістіктерге кішкентай қадамдармен!» – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Виктория Графеева – 2024 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері. Биыл алматылық боксшы Қытайда өткен World Boxing ұйымының Әлем кубогы кезеңінде де алтын медаль жеңіп алды.
Біздің серіктес: Sport12kz