1 күн бұрын
Қазақстандық боксшы бес жылдан кейін алғаш рет жеңіліс тапты
Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (18-2, 8 KO) Болгарияның Плевен қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол болгариялық Йосиф Пановпен (28-4, 14 KO) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы он раундқа жоспарланған жекпе-жек толық қашықтыққа созылды. Нәтижесінде төрешілердің бөлінген шешімімен Панов жеңіске жетті.
Осылайша, Йосиф Панов кәсіпқой мансабындағы 29-жеңісіне қол жеткізсе, Дәулет Дәукенов үшінші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы бұған дейін кәсіпқой рингте қатарынан он жекпе-жекте жеңіске жеткен еді. Ол соңғы рет 2021 жылдың ақпанында жеңілген болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz