23 сағат бұрын
Бек Нұрмағанбет IBF рейтингінде үздік бестікке енді
Қазақстандық екінші орта салмақтағы боксшы Бек Нұрмағанбет (17-0, 15 KO) АҚШ-та мерзімінен бұрын жеңіске жеткеннен кейін Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Sport12.kz.
31 қазанда Бек Эр-Риядта өткен Сауль «Канело» Альварес пен Кристиан Мбилли арасындағы бокс кешінде өнер көрсетті. Ол мексикалық Маркос Васкесті (21-4-1, 10 KO) бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Осы жеңісінің арқасында Нұрмағанбет IBF рейтингінде бірден төрт сатыға көтеріліп, бесінші орынға жайғасты.
Екінші орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы — кубалық Ослейс Иглесиас. Рейтингтің алғашқы екі орны бос тұр. Үшінші сатыда франциялық Кевин Леле Саджо болса, төртінші орында ливиялық Малик Зинад орналасқан.
Біздің серіктес: Sport12kz