6 сағат бұрын
Жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық боксшы ширек финалға шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Марал алғашқы жекпе-жегінде Ұлыбритания өкілі Калси Джаямен жұдырықтасты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты.
Еске салсақ, қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды.
Біздің серіктес: Sport12kz