1 сағат бұрын
Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда Бангладеш боксшысы Нойон Трипура Джанимен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Әшірбай 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы енді финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) де жарыстың жартылай финалына шыққан еді.
Біздің серіктес: Sport12kz