3 сағат бұрын
Қазақстандық үш боксшы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының үш өкілі жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финал қорытындысы бойынша Ақнұр Тұрсынғали, Марал Төлепберген және Бибарыс Әшірбай жарыстың келесі кезеңіне өтті. Осылайша, отандастарымыз кем дегенде қола медальға қол жеткізді.
Жартылай финалда Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) украиналық Евангелина Петрукпен, Марал Төлепберген (54 келі) өзбекстандық Сабрина Чакомановамен кездеседі.
Ал Бибарыс Әшірбай (70 келі) мексикалық Хорхе Луис Ньеблас Гутьерреспен финал жолдамасын сарапқа салады.
Біздің серіктес: Sport12kz