Матч орталығы
НХЛ Хоккей Даллас Даллас 2:1 Қос. уақытта Флорида Флорида УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Қазақстан Қазақстан 20:00 Бүгін Словакия Словакия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Эстония Эстония 22:00 Бүгін Болгария Болгария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Исландия Исландия 22:00 Бүгін Люксембург Люксембург УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Литва Литва 22:00 Бүгін Лихтенштейн Лихтенштейн Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Андорра Андорра 23:00 Бүгін Әзербайжан Әзербайжан УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грекия Грекия 00:45 Ертең Сербия Сербия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Солтүстік Македония Солтүстік Македония 00:45 Ертең Словения Словения УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Швейцария Швейцария 00:45 Ертең Шотландия Шотландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Германия Германия 00:45 Ертең Нидерланд Нидерланд УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Гибралтар Гибралтар 00:45 Ертең Мальта Мальта Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Сингапур Сингапур 15:00 Ертең Бразилия Бразилия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония Жапония 18:10 Ертең Парагвай Парагвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Катар Катар 19:00 Ертең Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея Международный Кубок Чемпионов Футбол Үндістан Үндістан 19:00 Ертең Пәкістан Пәкістан Еуропа чемпионаты U19 Футбол Косово U19 Косово U19 20:00 Ертең Қазақстан U19 Қазақстан U19 Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 20:30 Ертең Өзбекстан Өзбекстан Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Ресей Ресей 21:00 Ертең Венесуэла Венесуэла Итоговый турнир мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 00:30 18.11 Бен Шелтон Бен Шелтон Еуролига Баскетбол Барселона Барселона 00:30 18.11 Париж Париж

2 күн бұрын

Хесус Рамос Мейірім Нұрсұлтановтың орнына жаңа қарсылас тапты

Хесус Рамос Мейірім Нұрсұлтановтың орнына жаңа қарсылас тапты

Америкалық боксшы Хесус Рамос кіші (24-1, 19 KO) орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атағын непобежденный отандасы Фрэнсис Хоганмен (22-0, 17 KO) жекпе-жекте қорғауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, кездесу 19 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында өтеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Девин Хэйни мен Лиам Паро жартылай орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық белбеулерін біріктіру үшін жұдырықтасады.

Еске салайық, 19 қыркүйекте Хесус Рамос уақытша WBC чемпионы атағын қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа (20-0, 11 KO) қарсы жекпе-жекте қорғауы керек еді. Алайда кездесуге аз уақыт қалғанда америкалық боксшының денсаулығы сыр беріп, ол тағамнан улануы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жеткізілді. Соның салдарынан жекпе-жек өтпей қалды.

Осыдан кейін Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы міндетті қорғаныс тәртібін өзгертті. Нұрсұлтанов доминикандық Карлос Адамеске (25-1-1, 18 KO) тиесілі негізгі чемпиондық белбеуге міндетті үміткер мәртебесін алды.

14 қарашада Адамес Эр-Риядта өтетін Zuffa Boxing турнирінде британиялық Джером Уорбертонмен (18-2-2, 2 KO) кездеседі. Бұл жекпе-жекте чемпиондық белбеу сарапқа салынбайды. Егер доминикандық боксшы жеңіске жетсе, келесі кездесуін Нұрсұлтановқа қарсы өткізуге міндетті болады.

Айта кетейік, WBC бекіткен тәртіпке сәйкес, Адамес пен Нұрсұлтанов арасындағы ықтимал жекпе-жектің жеңімпазы кейін уақытша чемпион Хесус Рамоспен жұдырықтасуы тиіс.



Біздің серіктес: Sport12kz