Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

07.12.2024

Азия чемпионатында қазақстандық тағы үш боксшы финалға шықты

Азия чемпионатында қазақстандық тағы үш боксшы финалға шықты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатан Азия чемпионатында қазақстандық тағы үш боксшы финалға шықты. 

Ел құрамасынан Аида Әбікеева (63 келі) таиландтық Тхананья Сомнуекті 4:1 есебімен жеңді. Ол енді ақтық сында 10 желтоқсанда вьетнамдық Ха ти Линмен кездеседі.
Ал Наталья Богданова (70 келі) жартылай финалда украиналық Анастасия Черноколенконы 5:0 есебімен жеңіп, финалда таиландтық Байсон Маниконмен қолғап түйістіреді.

Тағы бір боксшымыз Гүлсая Ержан (81 келі) жартылай финалда 4:1 есебімен өзбекстандық Сохиба Рузметованы осал тұсын тапты. Ақтық сында ол украиналық Карина Айрапетянмен күш байқасады.

Ал Милана Сафронова (66 келі) жартылай финалда өзбекстандық Навба Хамидоваға 0:4, Диана Мағауияева (75 келі) қытайлық Лина Вантқа есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ ел құрамасынан Виктория Графеева (60 келі) финалға шықты. Бүгін ол Таиланд өкілін Порнтип Буапаны мерзімінен бұрын жеңді. Кездесу екінші раундтың басында тоқтатылды.

Викторияның қарсыласы казір Қытай-Украина жекпе жегінде анықталады.

Сондай-ақ бүгін жартылай финалда Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) Таиланд боксшысына 0:5 есебімен жол берді.

Ал бүгін Жазира Орақбаева (52 келі) мен Әйгерім Сәттібаева (48 келі) жартылай финалда сүрінді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас