03.03.2025
Неймар «Сантостың» жеңісіне өз үлесін қосты
Фото: instagram/neymarjr
«Сантос» футбол клубы Бразилияның Паулиста чемпионатының ширек финалында «Брагантиноны» 2:0 есебімен жеңді.
«Вила Бельмиро» стадионда өткен ойынның есебін алаң иелерінің басты жұлдызы Неймар 9-минутта ашты. Одан соң 56-шы минутта Жоао Шмидт гол соғып, матчтың нүктесін қойды.
Осылайша Неймар бразилиялық клубқа оралғаннан бері үшінші голын соқты. Бұған дейін 33 жасар форвард «Интер де Лимейра» мен «Агуа Санта» қақпасын дәл көздеген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи