03.03.2025
Дастан Сәтпаев: Ойын нәтижесіне көңілім толмайды
Фото: chelseablues.ru
Қазақстандық жас футболшы алматылық «Қайраттың» елордалық «Астанамен» өткізген ойын нәтижесіне көңілі толмайтынын жеткізді.
Қазақстан Премьер-лигасы бірінші турындағы «Астана» мен «Қайрат» кездесуінде ол 69-минутта гол соқты. Нәтижесінде ол алматылық клубты жеңілістен сақтап қалды. Командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.
- Гол соға алғаныма өте қуаныштымын, бірақ нәтижеге көңіліміз толмайды, - деді ол.
Бұл - 17 жастағы талантты футболшының Премьер-лигадағы алғашқы голы. Алдағы жылдан бастап Англияның «Челси» командасына ауысатын жас жұлдыз осылайша қазақстандық жанкүйерлердің көзайымына айналып үлгерді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан