03.03.2025
Қазақстандық таеквондошылар Болгарияда 14 медаль жеңіп алды
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Болгария астанасы София қаласында таеквондодан Bulgaria Open халықаралық жарысы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы аталған жарысты 14 медальмен аяқтады.
Бұл жөнінде Қазақстан таэквондо федерациясы мәлім етті.
Ерлер арасында 74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мақсат Орынбасар жарыста қарсылас шақ келтірмей, Bulgaria Open жарысының жеңімпазы атанды. Ол жартылай финалда әлем чемпионатының жүлдегері Кадырбеч Дауровты (AIN) жеңсе, финалда грециялық Хараламбос Флускоунистан 2:1 есебімен басым түсті.
Алтын
74 келі Мақсат Орынбасар
Күміс
54 келі - Әзірет Дүйсенбек
58 келі - Бектөре Оралхан
80 келі - Батырхан Төлеуғали
87 келі - Нұрлан Мырзабев
49 келі - Нодира Ахмедова
Қола
54 келі - Артур Серік
63 келі - Аманбол Бегімбетов
68 келі - Дамир Шуленов
80 келі - Мерген Ғаниев
49 келі - Нұрай Бауыржанова
53 келі - Айдана Сүндетбай
57 келі - Нұрай Қазынабек
62 келі - Камила Аймұқашева.
Қазақстан құрамасы алғашқы халықаралық жарысында, жалпыкомандалық есепте, бірінші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан