03.03.2025
Ла Лига: «Барселона» бірінші орынға шықты
Испания чемпионатының 26-турында «Барселона» өз алаңында «Реал Сосьедадты» жеңді.
Матч 4:0 есебімен аяқталды. Голдарды Жерар Мартин (25-минут), Марк Касадо (29-шы), Рональд Араухо (56-шы) және Роберт Левандовски (60-шы) соқты. 17 минуттан бастап «Реал Сосьедад» он футболшымен ойнады: Ариц Элустондо тікелей қызыл қағаз алды.
Бұл жеңістен кейін «Барселона» 57 ұпай жинап, Ла Лигада көш бастады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов