Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

04.03.2025

Жанкүйерлер күткен бокс кеші: Жәнібек Әлімханұлының Астанада жекпе-жек өткізеді

Жанкүйерлер күткен бокс кеші: Жәнібек Әлімханұлының Астанада жекпе-жек өткізеді

Фото: Sport12.kz

Көптен күткен Жәнібек Әлімханұлының елордада өтетін жекпе-жегінің билеті ресми түрде сатылымға шықты.

Қазақстан естен кетпейтін жоғары деңгейдегі бокс кешіне дайындығын бастап кетті. Ол 2025 жылдың 5 сәуірі, сенбі күні Астанадағы «Барыс-арена» стадионында өткізіледі. Орта салмақтағы IBF және WBO нұсқасы бойынша әлемнің жеңілмеген чемпионы Жәнібек Әлімханулы (16-0, 11 KO) өз тарихында алғаш рет туған жерінде титулды қорғауға мүмкіндік алып отыр. Оған қарсылас ретінде жеңілмеген үміткер Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) таңдалған. Бұл тарихи турнирді Top Rank-пен іскерлік байланыс ретінде Nomad Promotions ұйымдастырып отыр. Осылайша олар қазақстандық бокстың жаңа дәуірін халықаралық деңгейде жоғарылата түсуге жол ашты.

Билеттер Nomad-Promotions.com бойынша сатылымға шықты. Бағалары 20 000-255 000 теңге аралығында. 

Nomad Promotions негізгі оқиғадан бөлек жарқын андеркард дайындап жатыр. Онда қазақстандық жекпе-жек шеберлері әлемдік бокс жұлдыздарымен қолғап түйістіреді. Жанкүйерлер тартысты және тартымлы кешті тамашалай алады. 

Негізгі жекпе-жекпен қатар еліміздің келешегінен үміт күттіріп жүрген былғары қолғап шебері Сұлтан Заурбек (19-0, 13 KO) әлем чемпионы атағына бұрын үміткер болған Азинго Фузилемен (18-2, 12 KO) тартысты бәсеке өткізуге мүмкіндік алып отыр. Заурбек чемпиондық бәсекеге жақын тұр. Сол себепті жергілікті жанкүйерлер алдында сенімді жеңісімен қуантары анық. 

Сұлтан Заурбек:

-Мен Қазақстанда тағы бәр мәрте жекпе-жек өткізуге қуаныштымын. Осындай мүмкіндік жасаған Nomad Promotions және Wasserman-ға рақмет айтамын. Бұл менің мансабымда маңызды бәсекенің бірі болып отыр. Мен Фузилені құрметтеймін, дегенмен, әлемдік деңгейдегі бәсекеге дайын екенімді дәлелдегім келеді. Астанадағы 5 сәуірдегі жекпе-жек мен үшін чемпиондық белбеуге кезекті қадам ретінде бағалаймын. Барлық қазақстандық алдында жігерлі ойын көрсетемін деп уәде беремін.  

Азинга Фузиле:

- Бұл - мен үшін мүмкіндік, мен оны пайдалануым қажет. Бұл сәтте мені алаңдататын ештеңе жоқ. Мақсатым - тек әлем чемпионы атану.

Кале Зауэрланд, Wasserman бокс бөлімінің басшысы:

- 5 сәуірде Қазақ Королі үйге оралады, аталған кеш оның жанкүйерлері үшін нағыз ерекше күн ретінде бағаланады. Деегнмен Сұлтаннан кезекті шеберлік дәрісін күтуге болады. Фузиле секілді лайықты қарсыласты жеңу оны чемпиондық жекпе-жектегі деңгейге көтереді. Жақында чемпиондар екінші жеңіл салмақтағы салмақ бойынша одан қашып кете алмайды.

Сондай-ақ кеш барысында Батыржан Жүкембаев (23-1, 17 KO) Кейн Гарднерге (17-4, 7 KO) қарсы тартысты бәсеке өткізеді. Бұл да бірегей андеркардтың тартымдылығын арттыра түседі.

Аталған турнир Қазақстанда бірінші рет болады. Ол бокстан гөрі көп нәрсені білдіреді. Еліміз үшін маңызы сәттің бірі үшін бағаланады. Nomad Promotions осы орасан зор оқиғамен алғашқы қадам жасағалы отыр. Жекпе-жек шеберлері бұдан былай үздік бәсеке үшін шетелге кетуге мәжбүр болмайды. Сол үшін Қазақстанға үздік әлемдік жекпе-жектерді әкелуді мақсат етіп отыр.

Жәнібек Әлиіханулы:

- Қазақ стилі ақыры үйге оралады. 5 сәуір есте қаларлық күн болад. Мен WBO және IBF бойынша атақты тәжірибелі қарсыласқа қарсы қорғаймын. Көбісі бұл жекпе-жектен бас тартты. Мен Науэльді аталған ғысынысты қабылдағаны үшін құрметтеймін. Менің мақсатым – абсолютті чемпион болу.



 


 



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан