15.08.2025
Қай Зұлпықаров ойнады? - «Тұранға» техникалық жеңіліс жазыла ма?
Фото: ҚФФ
Қазақстан Премьер-лигасы 16-турындағы «Тұран» мен «Қызылжар» кездесуінде бір ойыншының тегі жанкүйерлер тарапынан түсінбеушілік туғызды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлеуметтік желілерде 2025 жылдың 6 сәуірінде өткен «Атырау» — «Қайрат» (16-турдың алдын-ала өткізілген матчы) және 2025 жылдың 12 шілдесінде өткен «Тұран» — «Қызылжар» (сол турдың матчы) ойындарында жазғы трансферлік кезеңде «Атыраудан» «Тұранға» ауысқан бір футболшы ойнады деген ақпарат тарауда.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы төмендегіше түсініктеме берді.
Шынайы ақпарат:
1. 2025 жылғы 6 сәуірде өткен «Атырау» — «Қайрат» матчында Бақдәулет Зұлпықаров ойнады.
2. 2025 жылғы 12 шілдеде өткен «Тұран» — «Қызылжар» матчында Әбілқайыр Зұлпықаров ойнады.
«Тұран» — «Қызылжар матчы алдында «Тұран» футбол клубының басшылығы Бақдәулет Зұлпықаровтың матчқа қатысу мүмкіндігі жөнінде Кәсіби футбол клубтарының жарыстарын өткізу дирекциясына жүгінген.
Дирекция тарапынан футболшыны матчқа қоспау ұсынылды, себебі ол осы турдағы «Атырау» сапында ойнаған болатын.
Осыған байланысты кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және ақпараттық порталдарда футболшының аты-жөні қате көрсетіліп, жағдайдың бұрмаланған түсіндірілуіне әкелді.
Біздің серіктес: Sport12kz