Матч орталығы
Итоговый турнир женщины Теннис Арина Соболенко Арина Соболенко 2:0 Аяқталды Каролина Мухова Каролина Мухова НХЛ Хоккей Эдмонтон Эдмонтон 3:1 Аяқталды Рейнджерс Рейнджерс Стокгольм мужчины Теннис Адриан Маннарино Адриан Маннарино 17:00 Бүгін Александр Шевченко Александр Шевченко КХЛ Хоккей Трактор Трактор 19:00 Бүгін Шанхайские Драконы Шанхайские Драконы Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 Бүгін Алавес Алавес Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 23:00 Бүгін Эйбар Эйбар Испания кубогы Футбол Аморебьета Аморебьета 00:00 Ертең Логронес Логронес Испания кубогы Футбол Тривал Вальдерас Тривал Вальдерас 00:00 Ертең Леганес Леганес Испания кубогы Футбол Михас Лас Лагунас Михас Лас Лагунас 00:00 Ертең Реал Хаэн Реал Хаэн Испания кубогы Футбол UE Tavernes UE Tavernes 01:00 Ертең Валенсия Валенсия Международный Кубок Чемпионов Футбол Үндістан Үндістан 14:30 Ертең Мальдив Мальдив Международный Кубок Чемпионов Футбол Бангладеш Бангладеш 19:00 Ертең Шри-Ланка Шри-Ланка Еуропа чемпионаты U19 Футбол Қазақстан U19 Қазақстан U19 20:45 Ертең Шотландия U19 Шотландия U19 Еуролига Баскетбол Париж Париж 00:45 12.11 Фенербахче Фенербахче Про-лига Футбол Аль-Ахли Аль-Ахли 00:00 07.03.2027 Аль-Наср Аль-Наср

26.12.2025

Transfermarkt әлем футболындағы ең қымбат құрамды атады

Transfermarkt әлем футболындағы ең қымбат құрамды атады

Беделді Transfermarkt порталы футбол клубтарының құрамының жалпы құны бойынша рейтингті жаңартты. Тізімнің көшін мадридтік «Реал» бастады. Сондай-ақ әлемдегі ең қымбат он команданың қатарына лондондық «Тоттенхэм» де енді.

Transfermarkt дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда әлем футболындағы ең қымбат құрам «Реал Мадридке» тиесілі.

«Қаймақтардың» негізгі командасындағы ойыншылардың жалпы нарықтық құны 1,38 миллиард еуроға бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш мадридтік клубты рейтингтің сөзсіз көшбасшысы етті.

Екінші орынға 1,29 миллиард еуро көрсеткішімен лондондық «Арсенал» жайғасты. Үшінші орынды 1,19 миллиард еуроға бағаланған «Манчестер Сити» мен Францияның ПСЖ клубы бөлісті.

Сондай-ақ алғашқы ондыққа «Челси», «Барселона» және «Ливерпуль» кірді. Аталған клубтардың құрамының құны бір миллиард еуродан асады.

Лондондық «Тоттенхэм» рейтингте тоғызыншы орын алды. Клуб құрамының жалпы құны 878,5 миллион еуроны құрап, әлемдегі ең қымбат командалардың ондығында тұрақтады.

Transfermarkt нұсқасы бойынша үздік 10 клуб:

  1. «Реал Мадрид» — 1,38 млрд еуро
  2. «Арсенал» — 1,29 млрд еуро
  3. «Манчестер Сити» — 1,19 млрд еуро
  4. ПСЖ — 1,19 млрд еуро
  5. «Челси» — 1,18 млрд еуро
  6. «Барселона» — 1,12 млрд еуро
  7. «Ливерпуль» — 1,04 млрд еуро
  8. «Бавария» — 980 млн еуро
  9. «Тоттенхэм» — 878,5 млн еуро
  10. «Манчестер Юнайтед» — 719,5 млн еуро



Біздің серіктес: Sport12kz