26.06.2026
Даниэль Соса «Ақтөбеге» қайта оралады
Нигер құрамасының шабуылшысы Даниэль Соса жарақатына байланысты ұзақ үзілістен кейін «Ақтөбе» клубының орналасқан жеріне қайта оралмақ.
Дереккөздің мәліметінше, футболшы бүгін Ақтөбеге келеді. Команда Алматы арқылы Талдықорғанға аттанып, Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турында «Жетісумен» кездесуге дайындалады. Ал африкалық шабуылшы клуб дәрігерлерінің бақылауынан өтіп, медициналық тексеруден өтеді.
Егер футболшының денсаулығына қатысты ешқандай мәселе анықталмаса, ол жақын арада жалпы топтағы жаттығуларға қосылып, чемпионат матчтарына дайындықты бастайды.
Айта кетейік, Даниэль Соса биылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында алты матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның «Ақтөбемен» жасасқан келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды.
Біздің серіктес: Sport12kz