6 күн бұрын

Месси, Мбаппе, Ямаль: L’Équipe «Алтын допқа» басты үміткерлерді атады

Месси, Мбаппе, Ямаль: L’Équipe «Алтын допқа» басты үміткерлерді атады

Француздың L’Équipe газеті биылғы «Алтын доп» үшін таласта алға шығуы мүмкін бес футболшыны атады.

Басылым жүлдеге үміткер ойыншылардың қатарында Лионель Месси мен Килиан Мбаппені де көрсеткен. Сондай-ақ өткен жылғы марапат иегері Усман Дембеле және биылғы маусымда жарқырап жүрген Ламин Ямаль бар.

L’Équipe таңдаған бестіктің толық тізімі:

Харри Кейн («Бавария», Англия)

Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина)

Ламин Ямаль («Барселона», Испания)

Килиан Мбаппе («Реал Мадрид», Франция)

Усман Дембеле («Пари Сен-Жермен», Франция)

Бұл – француз басылымының болжамы. «Алтын доптың» иегері кейін журналистердің дауыс беру қорытындысы бойынша белгілі болады.

Биылғы марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Бұл «Алтын доп» тарихындағы 70-салтанат болмақ. Жеңімпазды анықтау үшін ФИФА рейтингінде алғашқы жүздікте тұрған елдердің әрқайсысынан бір журналист дауыс береді.

Айта кетейік, Усман Дембеле 2025 жылғы «Алтын допты» жеңіп алған. Енді ол жүлдені екінші жыл қатарынан иеленуге мүмкіндік алып отыр.


Біздің серіктес: Sport12kz