Матч орталығы
Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 16:00 Бүгін Жеңіс Жеңіс Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 17:00 Бүгін Каспий Каспий Премьер-Лига Футбол Алтай Алтай 17:00 Бүгін Ертіс Ертіс Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 19:00 Бүгін Қайсар Қайсар Премьер-Лига Футбол Ақтөбе Ақтөбе 20:00 Бүгін Ұлытау Ұлытау Бундеслига Футбол Бавария Бавария 23:30 Бүгін Унион Унион Лига 1 Футбол Монако Монако 23:45 Бүгін Ланс Ланс Серия А Футбол Монца Монца 23:45 Бүгін Сассуоло Сассуоло Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 00:00 Ертең Уотфорд Уотфорд Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 00:00 Ертең Челси Челси Ла Лига Футбол Эспаньол Эспаньол 00:00 Ертең Эльче Эльче Премьер-лига Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 16:30 Ертең Астон Вилла Астон Вилла Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 16:30 Ертең Чарльтон Чарльтон Чемпионшип Футбол Сток Сток 16:30 Ертең Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Миллуолл Миллуолл 16:30 Ертең Вест Хэм Вест Хэм Ла Лига Футбол Осасуна Осасуна 17:00 Ертең Райо Вальекано Райо Вальекано Серия А Футбол Болонья Болонья 18:00 Ертең Торино Торино Серия А Футбол Удинезе Удинезе 18:00 Ертең Кальяри Кальяри Бундеслига Футбол Айнтрахт Айнтрахт 18:30 Ертең Фрайбург Фрайбург Бундеслига Футбол Вердер Вердер 18:30 Ертең Аугсбург Аугсбург

18 сағат бұрын

ҚПЛ: «Астана» елордада «Қайраттан» басым түсті 

ҚПЛ: «Астана» елордада «Қайраттан» басым түсті 

Фото: «Астана» футбол клубы

Қазақстан Премьер-лигасында ХХVІІ турының алғашқы ойын күні «Астана» - «Қайрат» (Алматы) кездесуімен ашылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жылма-жыл бас жүлдеге таласатын қос команда арасындағы матч жанкүйерлер арасында ерекше қызығушылық туғызады. Биыл алматылық клуб чемпиондық атаққа қатарынан үшінші мәрте қол созуды жоспарлап отыр. Десе де олар Шымкенттің «Ордабасы» командасымен талас жүргізіп келеді.

Өткен турда екі команда да жеңілістің ащы дәмін татты. «Қайрат» өз алаңында «Тобылға» 1:4 есебімен есе жіберсе, «Астана» сырт алаңда «Ордабасыға» 0:1 есебімен жеңілді.

Бүгінгі кездесу барысында қос команда бапкерлері негізінен тәжірибелі футболшыларға сенім артты. Алайда «Қайрат» сапында негізгі қақпашы Темірлан Анарбековтің орнына бұл жолы Шерхан Қалмырза шықты.

Ойынның 10-минутында алматылық клубтан жартылай қорғаушы Әділет Садыбеков қызыл қағазбен жазаланып, кездесуді ерте аяқтауға мәжбүр болды. Арада төрт минуттай өткенде «Астана» сапынан Рамазан Кәрімов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.


Ал «Қайрат» қатарынан екінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Дәл қазір бұл турда «Тобыл» (Қостанай) - «Елімай» (Семей), «Атырау» - «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі өтіп жатыр.

Сондай-ақ 18 қыркүйекте 16:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Жеңіс» (Астана), 17:00-де «Жетісу» (Талдықорған) - «Каспий» (Ақтау), «Алтай» (Өскемен) - «Ертіс» (Павлодар), 19:00-де «Қызылжар» (Петропавл) - «Қайсар» (Қызылорда), 20:00-де «Ақтөбе» - «Ұлытау» (Жезқазған) ойнайды.


Біздің серіктес: Sport12kz