10.10.2026
Клуб қызметкері Қазақстан футбол федерациясына шақыртылды - «Тобыл» ресми мәлімдеме жасады
Фото: «Тобыл» футбол клубы
«Тобыл» футбол клубы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңсақ ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында «Тобыл» футбол клубының қазіргі қызметкері Қазақстан футбол федерациясына шақыртылды деген ақпараттың таралуына байланысты клуб ресми мәлімдеме жасайды. «Тобыл» футбол клубы ақпаратты жоққа шығарып, материалда келтірілген мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ клуб өз қызметкерлерінің футбол матчтарындағы төрешілікке қатысты қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатысы бар деген болжамдарды үзілді-кесілді жоққа шығаратынын атап өтті.
- Әрдайым адал ойын, ашықтық қағидаттарын ұстанып, барлық регламенттік талаптарды қатаң сақтаймыз. БАҚ өкілдерін ақпараттың шынайылығын тексеруге шақырамыз және жалған мәліметтер таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске саламыз, - деп жазылған хабарламада.
Біздің серіктес: Sport12kz