Матч орталығы
Челленджер Форт-Уэрт Теннис Габриэль Дебру Габриэль Дебру 2:1 Аяқталды Алекс Рыбаков Алекс Рыбаков Еуролига Баскетбол Партизан Партизан 85:82 Аяқталды Црвена Звезда Црвена Звезда Еуропа лигасы Футбол Хоффенхайм Хоффенхайм 3:0 Аяқталды Лион Лион Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 16:00 Бүгін Катажина Кава Катажина Кава КХЛ Хоккей Трактор Трактор 19:00 Бүгін Ак Барс Ак Барс Алматы мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 19:30 Бүгін Карен Хачанов Карен Хачанов Бундеслига Футбол Штутгарт Штутгарт 23:30 Бүгін Боруссия Боруссия Лига 1 Футбол Брест Брест 23:45 Бүгін Ницца Ницца А сериясы Футбол Торино Торино 23:45 Бүгін Монца Монца Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 00:00 Ертең Ноттингем Форест Ноттингем Форест Ла Лига Футбол Алавес Алавес 00:00 Ертең Малага Малага Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 00:00 Ертең Мидлсбро Мидлсбро Примейра-лига Футбол Гимарайнш Гимарайнш 00:45 Ертең Маритиму Маритиму Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 15:00 Ертең Тобыл Тобыл Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 15:00 Ертең Каспий Каспий Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 16:00 Ертең Ұлытау Ұлытау Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 16:30 Ертең Норвич Норвич Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 16:30 Ертең Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 16:30 Ертең Миллуолл Миллуолл Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 16:30 Ертең Манчестер Сити Манчестер Сити

10.10.2026

Қарағанды облысында стадиондар жаңғыртылатын болды

Қарағанды облысында стадиондар жаңғыртылатын болды

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында футбол инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

Стадиондар қайта жаңғыртылып, халықаралық FIFA Quality Pro стандартына сай жасанды төсенішті алаңдар салынып жатыр. Сондай-ақ өңірде футбол академиясының құрылысы қолға алынған. Биыл осы жобаларға шамамен 1 миллиард теңге бағытталды. Жұмыстар Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының (QOFA), Freedom компаниясының және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Сұрыптау шағынауданындағы «Локомотив» стадионында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Мұнда футбол алаңының көгалы ауыстырылып, дренаж жүйесі жаңадан орнатылды. Жүгіру жолдарының асфальт жабыны да жаңартылып, кешкі уақытта жаттығулар мен матчтар өткізуге мүмкіндік беретін жарықтандыру жүйесі тартылды.

«Аманат» спорт кешеніндегі футбол алаңы да жаңартылды. Мұнда балалар арасындағы Freedom BFL жарыстары өтеді. Ал Абай қаласындағы «Жігер» стадионында жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Өңірдегі футбол инфрақұрылымын дамытудың маңызды жобаларының бірі – футбол академиясының құрылысы. Жоба аясында 3 500 көрерменге арналған стадион, толық өлшемді футбол алаңы, жабық жаттығу манежі, интернат, медициналық блок, жаттығу залдары мен бассейн салу көзделген.

Жас футболшыларға арналған спорт нысандары мектептерде де салынып жатыр. Саран қаласындағы №17 мектеп-гимназияның аумағында FIFA Quality Pro стандартына сай жасанды төсенішпен жабдықталған шағын стадион салынды. Алаңда жарықтандыру жүйесі мен көрермендерге арналған трибуналар бар. Бұл оқушыларға футболмен тұрақты айналысып, өзара жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Қазір «Шахтер» орталық стадионын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Ал 2027 жылы оның аумағында бюджет қаражаты есебінен жыл бойы пайдалануға болатын орта көлемді жабық манеж салу жоспарланған.

QOFA өңірлік футбол саласына білікті мамандар даярлауға да көңіл бөліп отыр. Қауымдастық жаттықтырушылар мен төрешілерді, сондай-ақ жас мамандарды даярлап, білім беру іс-шараларын өткізеді және оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан.

Еске салсақ, «Тобыл» футбол клубы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңсақ ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.



Біздің серіктес: Sport12kz