4 сағат бұрын
Чемпиондар лигасы: «Бавария» мен «Арсенал» тең түсті
Германияның «Бавария» клубы өз алаңында Англияның «Арсенал» командасымен УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында кездесіп, тең тарқасты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Альфонсо Дэвис (35-минут) пен Харри Кейн (61-минут, пенальти) гол соқты. Ал лондондық командадан Эберечи Эзе (25-минут) және Деклан Райс (82-минут) мергендік танытты.
Кездесу барысында мюнхендік клуб есепте жеңіліп жатып, таразы басын өз пайдасына бұрып, алға шықты. Алайда «Бавария» басымдығын сақтап қала алмады. Деклан Райс лондондықтардың нәтижелі шабуылынан кейін есепті теңестірді.
Осылайша, «Арсенал» биылғы турнирде алғаш рет ұпай жоғалтып, еншісіне жеті ұпай жинады. Ал «Баварияның» қоржынында бес ұпай бар.
Келесі турда «Бавария» 4 қарашаға қараған түні Мадридтің «Атлетико» клубымен кездеседі. Ал «Арсенал» 5 қарашаға қараған түні сырт алаңда Праганың «Славия» командасымен ойнайды. Екі матч та Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz