4 сағат бұрын
«Боруссия» «Сабах» стадионында душ қабылдаудан бас тартты
Дортмундтық «Боруссия» футболшылары Чемпиондар лигасындағы матчтан кейін «Сабах» клубының стадионында душ қабылдаудан бас тартты, деп Sport12.kz хабарлайды.
Неміс командасының бұл шешімі алаң иелерін таңғалдырған. Стадиондағы душ бөлмелері сырт көзге таза әрі күтімді көрінген. Фотосуреттерден де айтарлықтай кемшілік байқалмағандықтан, «Сабах» өкілдері қонақтардың әрекетіне түсінбей қалған.
Басылымның мәліметінше, «Боруссия» жергілікті душ бөлмелерін пайдалануды қауіпке баламаған. Бұған су құбырларында легионелла бактерияларының болуы мүмкін деген қауіп себеп болған. Егер су құбырлар арқылы үнемі ағып тұрмаса, бактериялардың таралу қаупі туындауы мүмкін.
Легионелла бактериялары душ қабылдау кезінде ауаға тарайтын ұсақ су тамшыларын жұту арқылы адам ағзасына енуі мүмкін. Осыған байланысты дортмундтық клуб сақтық шарасы ретінде ойыншылардың душты команданың қонақүйінде қабылдауын жөн көрген.
Нәтижесінде футболшылар матчтан кейін автобусқа терлеп мінгенімен, жуынуды қонақүйге барған соң шешкен.
Еске салайық, 20 қазанда Бакудегі Олимпиадалық стадионда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында «Сабах» пен «Боруссия» кездесіп, Германия клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Әзербайжандық клубтың қақпасын Қазақстан құрамасының капитаны Стас Покатилов қорғады.
Біздің серіктес: Sport12kz