5 сағат бұрын
Елена Рыбакина бүгін WTA 500 турнирінің финалында ойнайды
Бүгін, 25 қазанда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалында канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Рыбакина әлемдік рейтингте бірінші орында тұрса, Фернандес 30-сатыда орналасқан.
Рыбакина мен Фернандес арасындағы финалдық кездесу Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.
Қазақстандық теннисші Ningbo Open 2026 турниріндегі алғашқы кездесуін 1/8 финалдан бастап, өзбекстандық Полина Кудерметованың (105-орын) жарысты жалғастырудан бас тартуына байланысты 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ширек финалда Рыбакина польшалық Катажина Каваны (128-орын) 6:1, 3:6, 6:1 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда ресейлік Диана Шнайдерді (13-орын) екі сетте — 6:3, 7:5 есебімен жеңді.
Елена Рыбакина — Нинбо турнирінің қазіргі чемпионы. Өткен жылғы финалда ол ресейлік Екатерина Александровадан (33-орын) 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түскен.
Біздің серіктес: Sport12kz