3 сағат бұрын
«Эль-Класико»: «Барселона» мен «Реал» бүгін кездеседі
25 қазаннан 26 қазанға қараған түні Испания чемпионатының 10-туры аясында «Барселона» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Барселона» — «Реал» матчы Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Қазір Ханси Фликтің командасы тоғыз турдан кейін 27 ұпай жинап, Ла Лига турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Ал «Реалдың» еншісінде 21 ұпай бар.
Испания чемпионатының соңғы турында «Барселона» сырт алаңда «Бетисті» 5:2 есебімен жеңсе, «Реал» өз алаңында «Севильядан» 4:1 есебімен басым түсті.
Одан кейін командалар Чемпиондар лигасында ойнады. Мадридтік клуб өз алаңында Германияның «РБ Лейпцигін» 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Ал «Барселона» сырт алаңда Францияның «ПСЖ» командасына 2:4 есебімен есе жіберді.
Командалар соңғы рет 2026 жылғы 11 мамырда кездескен. «Камп Ноу» стадионында өткен Испания чемпионатының сол матчында «Барселона» 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Sport12kz